Димаштың туған күнін Еуропадағы фанаттары атап өтті
Қазақстанның халық әртісі, елімізді әлемге танытқан Димаш Құдайберген 32 жасқа толды. Атақты Андреа Бочелли, Пласидо Доминго сынды мықтылармен бір сахнада ән шырқап, Джеки Чанның жақын досына айналған тума таланттың бүгінде әлем бойынша миллиардтаған жанкүйері бар. Дала бұлбұлының Еуропадағы жанкүйерлері туған күнді қалай мерекелегенін тілшіміз Нұрсұлу Қасым хабарлайды.
Димаш туған күніңмен!
Димаштың Бельгиядағы жанкүйерлері кумирлерінің туған күнін жылда дүркіретіп тойлауды дәстүрге айналдырған. Тәтті тортпен шәй ішіп, сүйікті әншілері жайлы сағаттап сыр ақтарудан жалықпайды. Бәрі Димашпен еркін әңгімелесу үшін қазір Брюссельдегі қазақ мәдени орталығында қазақша үйреніп жүр.
Мен Димашты жақсы көрем!Уенди Мразек бельгиялық жанкүйерлер тобының белсендісі:
Сүйікті әншісінің есімін, қанатты сөздерін денесіне таңба етіп басқызған. Әр ай сайын жергілікті радиоларға Димаш жайлы сұхбат беріп, әндерін шырқатып, шетелдіктерге насихаттап жүр.Уенди мразек, Д. Құдайбергеннің Бельгиядағы жанкүйкүйерлер клубының белсендісі:
Димашты әртіс ретінде, адамгершілік қасиеті, дауысы, музыкасы үшін қатты жақсы көремін. Ол барша адамзатты үнемі бейбітшілік пен бірлікке үндейді. Мен Димаштың арқасында Қазақстанмен, оның мәдениетімен таныстым. Елдеріңізге екі рет сапарладым. Димаштың арқасында үш жыл бұрын шылым шегуді қойдым. Темекіге кететін қаржыны үнемдеп, Димаштың он үш концертіне қатыстым.Финляндияда Димаштың 600-ден астам жанкүйері бар. Олар «әлемде Димаштың дауысына теңдесетін үн жоқ. Оның әндері жан-жарасын емдейтін шипа»деседі.
Пикси Лаппалайнен, Димаштың Финляндиядағы фан- клубының мүшесі:
Димаштың әнін алғаш естігенде денем түршігіп ,көз жасыма ерік бердім. Ол Жаратқанның бізге берген үлкен сыйы. Хас талант бола тұра, өзі кішіпейіл, жомарт. Сүйікті әншіме ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс тілеймін.Димаштың Финляндия мен Бельгиядағы жанкүйерлері сүйікті әншілерінің алты құрлықта өткен ән кешіне түгел қатысқан. Ендігі армандары- кумирлерінің жеке концертін өз елдерінде ұйымдастырып, Димашты Хельсинки мен Брюссельде қонақ қылу.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
12 өңірде құрғақшылық болуы мүмкін
25.05.2026, 10:13
Қазақстан мен Ресей сауда айналымын $30 млрд-қа жеткізбек
25.05.2026, 10:12
Трамп: Иранмен келіссөз конструктивті сипатқа ие
25.05.2026, 10:11
АҚШ-та жарылыс қаупіне байланысты 40 мың тұрғын көшірілді
25.05.2026, 10:09
ДДСҰ: Конгода 900 адам эбола жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілікті
25.05.2026, 10:08
Қостанай облысында 2 бала суға батып, біреуі көз жұмды
25.05.2026, 10:07
Бүгін еліміздің барлық мектебінде 4 миллионға жуық оқушы оқу жылын аяқтайды
25.05.2026, 10:07
«Balapan» арнасында ЖИ технологиялары қолданылған «Кел, балалар, оқылық!» жобасы эфирге шығады
25.05.2026, 10:00