Пойызда жолаушыларды ұйықтатпаған бұзақы айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пойызда жолаушыларды ұйықтатпаған бұзақы айыппұл төлейді

31.10.2014
Пойызда жолаушыларды ұйықтатпаған бұзақы айыппұл төлейді

Жолаушылар пойызында балағат сөздер айтып, қоғамдық орында бұзақылық жасағаны үшін ер адам жазаланды.

«Маңғыстау-Астана» бағытындағы пойызға отырған бұзақы ішіп алып, жолаушылардың мазасын қашырған.

Сот барысында құқықбұзушы бар кінәсін мойнына алды. Оған 5,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Хабарламаларға жазылу