Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша 14:56-да жер сілкінісі тіркелді.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі мәлім етті, деп хабарлайлы ҚазАқпарат.
Жерасты дүмпуі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 227 шақырым жерде, Қырғыз Республикасының аумағында тіркелген.
Зілзаланың энергетикалық класы - 10.1.
Жер сілкінісінен бөлінетін сейсмикалық толқындардың магнитудасы MPV - 4.4.