Алматыдан 202 шақырым қашықтықта жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдан 202 шақырым қашықтықта жер сілкінді

07.12.2014
Алматыдан 202 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 04.57-де Алматыдан 202 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі.

Қырғыз Республикасы аумағында 15 шақырым тереңдікте Алматының оңтүстік-шығысындағы 202 шақырым жерде жер асты дүмпулері тіркелді, жер сілкінісінің магнитудасы - 5 балл. Энергетикалық класы - 11.6.

Сезілгендігі туралы ақпарат түскен жоқ.

Хабарламаларға жазылу