Маңғыстау облысында мұнайшы мамандығын алған түлектер шектен тыс көп, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым кәсіби-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру департаментінің директоры Сабыржан Мадеев.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында қажетті мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс қысқартылмайды. Оның көлемі жыл сайын арта түсуде. Дегенмен, жергілікті атқарушы органдар өңірдегі қажеттілікке байланысты студенттерді белгілі бір мамандыққа қабылдау санына түзету енгізе алады.
«Бірнеше жыл бойы Маңғыстау облысында мұнай-газ саласы мамандарының шектен тыс артық екені байқалады. Осыған байланысты облыстық әкімдік мұнайшы мамандықтарына студенттерді қабылдауды қысқартуда», - деді департамент басшысы.