Ақтауда аймақ басшысы есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда аймақ басшысы есеп берді

21.02.2018

Маңғыстау облысында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жоғары. Былтыр өңірде  2,3 трлн. теңгенің өнімі өндіріліп, 31 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылған. Мұнай-газ, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы секторы мен құрылыс саласы қарқын алып келеді. Мал басы 13 пайызға дейін көбейіп, жылына 650 тонна түйе сүті мен 46 тонна қымыз дайындауға қауқарлы цехтер іске қосылды. Аймақ басшысымен кездесу 3 сағатқа созылды. Жиналғандар түгелдей дерлік сұрақтарын қойып үлгерді. Жекелей мәселелер де, жалпыға ортақ өткір проблемалар да көтерілді. Экология, жұмыссыздық, мемлекеттік қызметтегі кадр тапшылығы, әлеуметтік ахуал сияқты түйінді түйткілдер сөз болды.  

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

- Өңірде үш ауысыммен оқитын мектептер түбегейлі жойылады. Биылдан бастап жаңа мектептер салына бастайды.

Хабарламаларға жазылу