Екібастұз қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында дойбыдан турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұз қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында дойбыдан турнир өтті

29.10.2014
Екібастұз қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында дойбыдан турнир өтті

Екібастұз қаласының № 3 жасөспірім балаларға арналған спорт мектебінде Халықаралық мүгедектер күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалар арасында дойбыдан турнир өтті. Шараға Екібастұз қаласының № 19 арнайы жалпы білім беру мектебінен 14 оқушы қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жарысқа қатысушылар бір-біріне сәттілік тілеп, ойынды бастап кетті. Олардың әрқайсысы жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салды. Ер балалар дойбы ойнауда ширақтылық танытып отырса, қыздар әрбір жүрістерін өте тиянақты ойлап отырды.

Турнир қорытындысы бойынша І орынды Карелин Прохор, ІІ орынды Жансая Нұржігітова, ІІІ орынды Бағдат Сүтжанов және Айгерім Ахат иеленді, жаттықтырушы – Ұлболсын Сарбасова. Мектептің 10 оқушысы ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Жеңімпаздарға Екібастұз қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

 

 

Хабарламаларға жазылу