«Таңшолпанда» – Пара-Азия ойындарының үш дүркін чемпионы Әнуар Ахметов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» – Пара-Азия ойындарының үш дүркін чемпионы Әнуар Ахметов

29.10.2014
«Таңшолпанда» – Пара-Азия ойындарының үш дүркін чемпионы Әнуар Ахметов

Қазан айының 18-24 аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында Пара-Азия ойындары өтті. Осы сайыстың үш дүркін чемпионы Әнуар Ахметов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салған спортшылардың бірі Әнуар Ахметов жарыс турасында: «Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Алғашқы алтынды алған кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Елдің намысын арқалап барғаннан кейін, жауапкершілік жүгі ауыр ғой. Маған 450 метрге жүзуден өзбек спортшылары мықты қарсылас болды, деп айта аламын. Ал, қалған қашықтықты, Жапония, Таиланд спортшылары мықты»,-дейді.

«Алғаш маған дем берген – жаттықтырушым. Жақсы жұмыс істесең, сенен нәтиже шығады, деді. Жалпы, жеңімпаз болу үшін меніңше, алдымен арман болу керек сияқты. Одан кейін тізім қою керек. Мұнымен қоса, үздіксіз дайындық, дұрыс тамақтану, ұйқының дұрыс болуы да нәтиже береді»,-дейді спортшы.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу