Н. Назарбаев: Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық орталығы бола алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н. Назарбаев: Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық орталығы бола алады

28.10.2014
Н. Назарбаев: Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық орталығы бола алады

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық орталығы бола алады. Бұл туралы Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік ислам экономикалық форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы бағытында пайдаланылып жатқан жердің жалпы аумағы 90 миллион гектарды құрайды, оның 25 миллион гектары - егістік жері болса, 61 миллион гектары жайылымдық жер.

Сондай-ақ, Президент өз сөзінде, Алматы Қытай мен Батыс Еуропаны байланыстыратын «Ұлы Жібек жолы» жобасының негізгі бөлімі болатынын атап өтті.  

Хабарламаларға жазылу