Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлеріне құттықтау жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлеріне құттықтау жолдады

12.10.2016
Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлеріне құттықтау жолдады

Елбасы Н.Назарбаев астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты еліміздің агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлеріне құттықтау жолдады.

«Қазақстанда жиын-терім науқаны аяқталып келеді. Бұл - ауыл еңбеккерлері, агроөнеркәсіп кешені және бүкіл еліміз үшін азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейін айқын көрсететін аса маңызды оқиға. Биылғы науқан нәтижесін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тамаша тарту деп бағалауға болады.

Осы саладағы азаматтардың бәрін құттықтап, бірден жеміс бере қоймайтын жер төсіндегі бейнетті еңбектері үшін зор алғыс білдіремін», -делінген Елбасы құттықтауында. 

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу