Қазақстандық жаңа атыс-шабыс фильмі жарыққа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық жаңа атыс-шабыс фильмі жарыққа шығады

28.10.2014
Қазақстандық жаңа атыс-шабыс фильмі жарыққа шығады

Әлеуметтік желілерде қазақстандық  «Заговор Оберона» атты жаңа атыс-шабыс фильмінің трейлері пайда болды. Фильм сценарийі бойынша Қазақстаннан «Оберон» атты трансуранды, өте қуатты металл табылады. Әскери жаттығу кезінде табылған құпия элемент жабық ғылыми-зерттеу институтына жіберіледі.

Алайда, металл турасында хабардар болған шенеуніктер мен жергілікті криминалды топ, оны ұрлап кетіп, шетелге сатпаққа бел буады. Қылмыскерлерге отандық арнайы қызмет пен Бас барлау басқармасының полковнигі  Шыңғыс Арланов өзінің сарбаздарымен қарсы тұрады.

Картинада басты рөлді журналист Ердос Төлегенов сомдайды. Сондай-ақ, мұнда Big Som деген атпен танымал  рэпер Самсон Аракелян да ойнайды.

Фильм түсірілімі 70 күнге созылған. Қажетті элементтермен оның ішінде, қару-жарақ, транспорт, тіпті, танкпен қамтамасыз еткен Қорғаныс министрлігі. Сондай-ақ, режиссерлерге қол ұшын созғандар қатарында Алматы қаласның Ішкі істер департаменті бар.

Департамент қаланың шығыс айналма жолы аймағындағы жарылыс пен атыс-шабыс көріністерін түсіруге атсалысқан. Алғашқыда мұны тұрғындар шындыққа балаған көрінеді.

Фильм режиссері Айдар Баталовтың айтуынша, туындының 20 пайызы компьютерлік графика және анимацияның көмегімен жасалған.  Фильм көрерменге 2014 жылдың қараша айында таныстырылмақ.

Хабарламаларға жазылу