Каскадерлік өнердің қыр-сыры (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каскадерлік өнердің қыр-сыры (ВИДЕО)

15.01.2016
Каскадерлік өнердің қыр-сыры (ВИДЕО)

Кино әлемінде өте маңызды рөл атқаратын саланың бірі – каскадерлік өнер. Онсыз шытырман оқиғаға толы кинофильмдер еш әсерсіз болар еді.  Өйткені, кинодағы актерлер жасай алмайтын қиын трюктарды осы каскадер мамандар алып шығады.

Яғни, кинода от пен судың арасында өтетін түсірілімде басты кейіпкердің дублері болып жүретін де каскадерлер. Ал, көрермен кадрдағы кереметтерді  басты кейіпкер орындағандай қабылдайды.

Бұл мамандар негізінен төбелес, атыс-шабыс, автокөлік соқтығысы және түрлі жарылыс сахналарындағы әрекеттерді жасауға шебер. Мұндай трюктарды орындауға қарапайым актерге ұзақ дайындық керек.

Сондықтан, уақыт ұтып, әрі актерлердің денсаулығына нұқсан келмесін деп режиссерлер көп жағдайда каскадерлерді жалдағанды жөн санайды.

Толығырақ «Таңшолпанда».

 

Хабарламаларға жазылу