Герольд Бельгер - 80 жаста - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Герольд Бельгер - 80 жаста

28.10.2014
Герольд Бельгер - 80 жаста

Ол Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, Ә. Нұрпейісовтің және тағы басқа қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударған.

1934 жылы Ресейдің Энгельс қаласында дүниеге келген. 1941 жылы Қазақстанға қоныс аударады. Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы педагогикалық университет) филология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын орыс тілі пәні мұғалімі болып бастайды. «Жұлдыз» әдеби журналында қызмет атқарған.  1992 жылы «Феникс» неміс альманахы бас редакторының орынбасары, 1994-1995 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Г.Бельгер 40-тан астап кітаптың, бірнеше баспасөз басылымының авторы. Оның ең бірінші туындысы – «Ауыл сыртындағы қарағай үй» шығармасы. Жазушының 75 жылдық мерейтойына орай оның 10 томдық кітабы басылып шықты. 

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1971). «Бейбітшілік және рухани келісім» Президент сыйлығының лауреаты. «Парасат» орденімен марапатталған. 

Хабарламаларға жазылу