Қараша айында Астана қаласының стационарларында жұмыс істейтін алты дәрігер мен бір медбике АҚШ-тың Миссури штатында орналасқан Сент-Луис университетінде білімін жетілдіреді. Бұл туралы Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы хабарларды.
Мамандар университетте «Ауруларды қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбындағы курстан өтеді.
Сондай-ақ, олар АҚШ-тың медициналық мекемелерінде табысты қолданылып жүрген ауруларды қабылдау жұмысын ұйымдастыру әдісімен танысып, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасады.
Сонымен қатар, 9 дәрігер «Хирургия», «Акушерлік және гинекология», «Қоғамның денсаулығы», «Анестезиология және реаниматология» мамандықтары бойынша Оңтүстік Корея клиникаларында оқитын болады.