Атырау облысында спортқа бөлінген қаражаттың 67 пайызы футболға жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында спортқа бөлінген қаражаттың 67 пайызы футболға жұмсалады

24.10.2014
Атырау облысында спортқа бөлінген қаражаттың 67 пайызы футболға жұмсалады

Атырау облысында спортқа бөлінген қаражаттың 67 пайызы футболға жұмсалады. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов айтты.

«Өкінішке қарай, Азия ойындарында жеткен жетістіктерімізге барлық облыстар бірдей үлес қосқан жоқ. Осы жарыста Қарағанды, Ақмола, Қызылорда сияқты ірі өңірлер алтын медальсіз қалды», - деді Е.Қанағатов.

Ал, Атырау облысының спортшылары да ешбір жүлде алған жоқ.

«Қаржылық та, спорттық та әлеуеті өте жоғары, мұнайлы өңір - Атырау облысы ешбір медальсіз қалды. Осыдан кейін біз облыстардағы бюджет қаражатын қалай пайдалану жолдарын қарастырдық. Сонда анықтағанымыз, осы облыста спортқа бөлінген бюджет қаражатының 67 пайызы тек футболға кетеді екен. Сондықтан да басқа спорт түрлерінің нәтижесі көңіл көншітпей отырған болуы мүмкін», - деді комитет төрағасы.

Хабарламаларға жазылу