Еліміздегі мектептердің үштен бірінде спорт зал жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі мектептердің үштен бірінде спорт зал жоқ

08.03.2020

Еліміздегі мектептердің үштен бірінде спорт зал жоқ. Ал Мәжіліс депутаттарының мәліметінше, жергілікті бюджеттен футболды қаржыландыруға спорттың барлық түріне бөлінген қаражаттың үштен бірі жұмсалады. Кейбір жерде тіпті жартысы. Демек легионерлерге бөлінетін ақша бар, балалар доп тебетін залға ақша жоқ. Параллель әлемде өмір сүретін, бюджет әмияным деп ойлайтындар бар дегенге бір мысал. Балалар дене шынықтыру пәндерінде тар бөлмелерде тығылысып, тек стол ойындарымен шектеледі. Есесіне мысалы, Шығыс Қазақстанда футбол саласына биыл 678 974 000 теңге бөлініпті.

Ержан ЖАҚЫП 


Хабарламаларға жазылу