«Хоббит» трилогиясы – кинематоргафияда ең қымбат жоба - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Хоббит» трилогиясы – кинематоргафияда ең қымбат жоба

24.10.2014
«Хоббит» трилогиясы – кинематоргафияда ең қымбат жоба

Питер Джексонның «Хоббит» торилогиясы кинематоргафия тарихында ең қымбат жоба атанды. Оның үш бөлімінің бюджеті 745 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

«Хоббиттің» үш бөлімі де Жаңа Зеландияда түсірілген. Айта кетейік, жеке фильм бойынша ең қымбат картиналардан «Pirates of the Caribbean: At World's End» туындысы көш бастап тұр. Оның бюджеті 300 миллион АҚШ доллары. Алайда, картина 963,4 миллион АҚШ долларын жинады.

«Хоббиттің» үшінші бөлімі («The Hobbit: The Battle of the Five Armies») 2014 жылдың 17 желтоқсанында прокатка шығады.

Жанры: фэнтези, экшн, оқиға;

Режиссері: Питер Джексон;

Сценарий авторлары: жазушы Дж. Р. Р. Толкиннің шығармасы бойынша Фрэн Уолш, Филиппа Бойенс, Питер Джексон, Гильермо дель Торо;

Басты рөлдерде: Мартин Фримен, Иэн Маккеллен, Ричард Армитидж, Орландо Блум, Бенедикт Камбербэтч, Кристофер Ли;

Ұзақтығы: 165 минут.

Хабарламаларға жазылу