Әлемдегі ең қымбат диета - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең қымбат диета

22.11.2015
Әлемдегі ең қымбат диета

Рэй Курцвейл әлемге Википедияны жасап шығарғандардың бірі ретінде ғана емес, сондай-ақ, мәңгілік өмір сыйлайтын диета түрін ойлап тапқан адам ретінде танылған жан. Бұл диета әлемдегі ең қымбат диета саналады.  Себебі, дұрыс тамақтану мен күнделікті қолданатын арнайы препараттар үшін бірнеше мың АҚШ доллары кетеді.

Бала кезінен өмір бойына жас болып қалуды армандап өскен Рэй бұл ойын ғылыми тұрғыдан қарастырып көрді. Ол генетиканы мақсатты түрде зерттеп келеді. Сондай-ақ, ол Google компаниясы штатындағы жасанды интеллект бойынша бас мамандардың бірі. Бұдан оның аталмыш диетаны ойлап табуына қажетті қаражатының жеткілікті екенін байқауға болады.

Курцвейлдің болжамынша, 2023 жылдарға қарай қартаюды тоқтату мүмкін болады. Ал, 2033 жылы ажалсыз жандар қартаю процесін кері айналдырып, жасара бастайды. Қазір ол адам ағзасының негізгі мембраны саналатын фосфатидилхолин  затын қабылдауда. Бір қызығы, балаларда 90 пайыз мембрана болса, қарттарда небәрі 10 пайыз болады екен.

Рэйдің болашақтың ғылымы арқылы жүзеге асыра алатын жоспары бар. Ол осылайша, қайтыс болған әкесінің ДНҚ  мен өзінің жадын алып, әкесін тірілтіп алуды жоспарлап жүр.

Әлемдегі ең қымбат диетаға әзірге бір миллион доллар көлемінде қаражат кетеді. Бұл шығынның тең жартысы арнайы таблеткаларға кетеді.

Курцвейлдің пікірінше,  дұрыс тамақтанудың негізі әр адамның  тамақтану рационында кездесуі керек көмірсутектерде жатыр. Сол себепті, Курцвейл таңғы асын жидектер, сұлы жармасынан жасалған ботқа, балық және соя сүтімен бастайды.

Ғалым өзінің ағзасының биохимиясын қайта бағдарлап,  алдын ала есептелген параметрлерге сай құру үшін қолынан келгеннің бәрін жасайтынын айтады. Алайда, оның ойға алған ісін аяғына дейін жеткізе ала ма, жоқ па, ол жағын дөп басып айту қиын. Дегенмен, Рэйдің бұл зерттеулері келешекте өзге ғалымдарға көмегі тиері сөзсіз.

Хабарламаларға жазылу