Бүгін Қазақстанның басым аумағында фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашынды болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеймек.
Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Алматы, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кейбір жерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетіп, Қарағанды облысының кей аймағында көктайғақ болады.
Ақтөбе облысында, сондай-ақ күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ге дейін күшейіп, тұман түсуі мүмкін.
Атырау, Маңғыстау облыстарының кейбір ауданында тұман түсу ықтимал.