Пеле – «Ғасыр футболшысы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пеле – «Ғасыр футболшысы»

23.10.2014
Пеле – «Ғасыр футболшысы»

Пеле деген лақап атты жасөспірімдер құрамасында ойнап жүргенде алған еді. 16 жасында Бразилиядағы ең атақты «Сантос» клубына қабылданды. Ал, 18 жасында «Селесаомен» Әлем чемпионатына қатысып, алғашқы голын Уэльс қақпасына соғады.

1958 жылы Бразилия алғаш рет әлем біріншілігін ұтып алды. Осылайша, Пеле Швецияда өткен чемпионаттың ең үздік жас ойыншысы атанды.

1959 жылы «Сантостың» сапында 100 ойында 126 гол салып, рекорд жаңартты. Ал, 1000-шы голын 909 ойында салды. Футболшы «Сантос» клубында 21 жыл ойнап, 1375 матчта 1281 гол соқты. Осы жылдар ішінде Бразилия құрамасымен үш рет Әлем чемпионы атанды.

1965 жылы спортшының ғұмырбаяндық «Мен - Пелемін» атты кітабы жарыққа шықты. Осы кітап арқылы Бразилия халқының сауатын ашуға көмектесті. Спорттық карьерасында 88 мемлекетті аралап, 9 король мен 70 президенттің қабылдауында болды. Әлемнің әр елінде 90-ға тарта ән жазылды. Ал, 1970 жылы «Пеле. Оның шеберлігі  мен әдістері» атты фильм түсірілді.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу