Аңызға айналған футболшы Пеле 80 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аңызға айналған футболшы Пеле 80 жасқа толды

25.10.2020

Осы аптада аңызға айналған футболшы Эдсон Арантис ду Насименту 80-ге келді. Әлем Пеле деп білетін футболшы. Пеле спорттағы карьерін 1977 жылы аяқтаған дегенмен әлі күнге дейін Жер шарындағы ең атақты адамның бірі.  

Ол 3 рет әлем чемпионы болған әлемдегі жалғыз футболшы. Ол 1363 ойында 1281 гол соққан, бұл рекордты әлі ешкім жаңалай алмады.

Бір қызық деталь – 1975 жылы Пеле Нью-Йоркке көшіп, «Нью-Йорк Космос» деген клуб құрамында ойын көрсете бастайды. Ол ағылшын тілін жетілдіру үшін тіл мектебіне барады, сол жерде сол кезде Нью-Йоркте тұрып жатқан Джон Леннонды кездестіреді. Атақты Битлз мүшесі жапон тілін үйреніп жүрген... Кейін Пеле естелігінде 1966 жылы Англияда өткен әлем чемпионаты кезінде Битлз тобы өзімен Пелемен танысу үшін Бразилия құрамасы жатқан қонақүйге барғанын, бірақ оларды кіргізбей қойғанын Леннонның әңгімесіне сүйеніп жазған. Пеле құрама менеджерлерінің консервативті көзқарасынан солай болған шығар дейді.


Эдсон Арантис ду Насименту Пеле спорт футбол

Хабарламаларға жазылу