Суицидтің себебі неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суицидтің себебі неде?

21.10.2014
Суицидтің себебі неде?

Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша әлемде алғашқы орындардың бірінде. Ал, Орталық Азия елдері арасынан біздің алдымызға түсетін мемлекет жоқ.

Алаңдататын тағы бір нәрсе, осы індет салдарынан қаза тауып жатқандардың арасында жастардың үлес салмағы артып отыр. Олардың басым бөлігі ер-азаматтар, дейді статистика мамандары.

Бұл жағымсыз құбылыстың себебін әркім әрқалай түсіндіріп жүр. Жалғыздық, ішкі күйзеліс, өмірдің қиыншылығын көру, жіберілген қателіктер және тағысын тағы.

Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» бағдарламасы суицид фактілерін талқылай отырып, өмірден түңіліп жүрген адамдарды қатерлі қадамнан сақтап қалу жолдарын қарастырады.
 

Хабарламаларға жазылу