Астана қаласының әкімдігі суицидтің алдын алу бойынша «Мен өмірді таңдаймын» атты акция өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының әкімдігі суицидтің алдын алу бойынша «Мен өмірді таңдаймын» атты акция өткізді

22.11.2017

Суицидтің алдын алу, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу - ортақ мәселе. Осы ретте  Астана қаласының әкімдігі жыл бойы «Мен өмірді таңдаймын» атты акция өткізді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қазан-қараша айларында қаладағы орта мектептер мен колледждердің психолог мамандарына 3 күндік семинар ұйымдастырылса, кеше суицидке бейім жастар арасында спорттық сайыстар өткізді. Мақсат – жастардың салауатты өмірге құштарлығын арттыру. Жиналғандар бірнеше топқа бөлініп, түрлі спорт түрлері бойынша бақ сынасты. Әкімдік мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында келесі жылы мұндай шараларды көбейтпек. 

Асхат Оралов, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Осы жылдың басынан шараға жүздеген жастар қатысып отыр. Келесі жылы суицидтің алдын алу мәселесі бойынша іс-шаралар санын еке есе көбейткіміз келеді.  Себебі, ол - өте өзекті мәселелердің бірі. Мұны шешу жұмысымыздың маңызды бағыты деп есептеуге болады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу