Анабель Медина-Гарригес: Шведовамен жұптасып ойнаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анабель Медина-Гарригес: Шведовамен жұптасып ойнаймын

03.03.2014
Анабель Медина-Гарригес:  Шведовамен жұптасып ойнаймын
Испаниялық теннисші Анабель Медина - Гарригес  Бразилияның Флорианополисінде өткен турнирде Ярослава Шведовамен жұптық санатта топ жарып, турнир чемпионы атанған соң, алдағы турнирлерде де қазақстандық теннисшімен жұптасып өнер көрсетуді жалғастырамын деді.
 
Ол: «Соңғы екі жылда Шведовамен жұптық санатта бірнеше турнирде ойнадық. Өткен маусымда осы турнирде жеңімпаз атандық, Чарльстонда финалға дейін жеттік. Әзірге біз жақсы тандемде ойнаудамыз. Майами мен Индиан-Уэллсте өтетін турнирлерде Ярослава екеуміз бір жұпта ойнайтынымызды анық айта аламын», -  деді, деп хабарлайды WTA ресми сайты.
 
Фото: wtatennis.com

Хабарламаларға жазылу