Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Шри-Ланкада өткен ITF Junior сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Спортшы «Sri Lanka Colombo» турнирінде жекелей разряд бойынша алдыңғы орынға шықты.
Финалдық кездесуде отандасымыз Милана Лысовамен кездесіп, 6:0,4:6,6:0 есебімен жеңіске жетті.
Тағы бір қазақстандық теннисші Гозаль Айнитдинова Малайзиядағы «Junior G3» халықаралық турнирінің финалына дейін жетті. Ол финалда француз спортшысы Тессе Андрианжафитримомен кездесіп, екі сетте 4:6, 3:6 есебімен жол берді.