М.Әуезов театры жаңа маусымын «Жүз жылдық махаббат» премьерасымен ашпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Әуезов театры жаңа маусымын «Жүз жылдық махаббат» премьерасымен ашпақ

21.10.2014
М.Әуезов театры жаңа маусымын «Жүз жылдық махаббат» премьерасымен ашпақ

 

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Еркін Жуасбек «Таңшолпанда» қонақта болып, театрдың жаңа маусымының ерекшелігі турасында әңгімелеп берді.

«Біз биыл екінші жыл қатарынан премьерамен ашпақшымыз. Бүгін кешке келген көрермен белгілі жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері  Дулат Исабековтің «Жүз жылдық махаббат» деп аталатын ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен өнеріне арналған  спектакльмен қауышады. Биылғы маусымда көрерменге тартар алғашқы сыйымыз осы»,-дейді театр директоры.

Театр билетінің құнын көтеруге қатысты әңгіме баспасөз беттерінде жарияланған еді. Осы турасында театр басшысы: «Біз мемлекеттік театр болғандықтан, біздің билеттеріміздің құны ҚР Мәдениет министрлігі тарапынан бекітіледі. Біз ойымызға келген бағаны қоя алмаймыз.

Былтырғы маусымнан бері біздің театрдың билеттері  500-2000 теңге аралығында. Басты қуаныш, билеттердің тез таралуында. Бүгінгі қойылымға да таң атпастан «билет таба алмай жатырмыз», деп хабарласқандар бар. Әрине, бір жағынан жанымыз ашиды, ал, екінші жағынан театрға деген сүйіспеншіліктің бары қуантады»,-дейді.

«Театрды басқаратын адам ең алдымен, сахна өнерін сүюі керек. Әр актердің дайындығы, режиссердің ізденісі, суретшілердің тірнектеп жасайтын дүниесі – мұның бәрі үлкен сүйіспеншілікпен қарауды талап етеді»,-дейді Еркін Жуасбек.

Хабарламаларға жазылу