25 қазан күні Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Саринаның «Ән-домбыра – жан серігім жасымнан» атты жеке концерті өтеді.
Дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген әншінің өнер жолында жүргеніне 20 жылдан асты. Осы уақытқа дейін мыңға жуық әннің орындаушысы атанған ол бір сөзінде: «Мектептегі музыка пәнін кәсіби әншілер оқытса, өнерге құштар, икемі бар жастар ерте кезден қалыптасады», -деген еді.
Әнші ертең Ұлттық арнадағы «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасында қонақта. Қояр сауалдарыңыз болса, тікелей эфирге хабарласуға немесе #tankaz хэштегімен Twitter әлеуметтік желсісі арқылы сауал жолдауға мүмкіндік бар.