Солтүстік пен Оңтүстік Корея шекарасында атыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік пен Оңтүстік Корея шекарасында атыс болды

20.10.2014
Солтүстік пен Оңтүстік Корея шекарасында атыс болды

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяның арасында атыс болды, деп хабарлады ТАСС, «Yonhap News» агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Солтүстік Корея сарбаздарының шекарадағы әскери-демаркациялық аймаққа жақындағанын байқаған оңтүстіктер бірінші оқ атқан. Оқ атпастан бұрын бірнеше рет ескерту жасалыпты, алайда қарсы жақтан оқ атылған соң, атыс басталып кеткен.

Оңтүстік Корея жағынан адам шығыны жоқ екені анықталды.

Айта кетейік, БАҚ-тың хабарлауынша, өткен аптада екі жақтан да теңіз және құрғақтағы әскери бекеттерде үш рет атыс болған.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу