Ломаченко танымалдығы бойынша Головкиннен асып түседі - Боб Арум - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ломаченко танымалдығы бойынша Головкиннен асып түседі - Боб Арум

27.02.2014
Ломаченко танымалдығы бойынша Головкиннен асып түседі  - Боб Арум
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум 26 жастағы украиналық боксшы Василий Ломаченко әлемдегі үздік бес боксшының (P4P) қатарына енеді деп санайды.
 
«Танымалдығы бойынша Ломаченко қазақстандық Геннадий Головкин мен ресейлік Руслан Проводниковтан асып түседі», - дейді. Айта кетейік, аталған екі боксшы НВО телеарнасында жоғары телевизиялық рейтингке ие және бүгінде атағы жер жарған спортшылар санатында.
 
«Ломаченко әлемнің үздік бес боксшының қатарынан енеді деп санаймын. Өйткені, ол – теңдесіз боксшы. Ол - болашақ жұлдыз және Головкин мен Проводниковтен асып түседі», - дейді Боб Арум.
 
Айта кету керек, 1 наурыз күні Василий Ломаченко кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Украиналық боксшы жартылай жеңіл салмақта WBO атағының иегері, 33 жастағы мексикалық Орландо Салидомен жұдырықтасады.

Хабарламаларға жазылу