Рафаэль Надаль жылдың қорытынды турниріне қатысудан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рафаэль Надаль жылдың қорытынды турниріне қатысудан бас тартты

16.10.2014
Рафаэль Надаль жылдың қорытынды турниріне қатысудан бас тартты

Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль Лондонда өтетін қорытынды турнирге қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Tennis World.

Ол Базель мен Парижде өтетін турнирлерге қатысқаннан соң соқырішекке байланысты кейінге қалдырылған отаны жасату үшін Испанияға барады.  

Әлемнің үшінші ракеткасының жоспарына сәйкес бұл жаңа маусымға дайындалу үшін біраз уақыт үнемдеуге және Дохадағы турнирге қатысуға мүмкіндік береді.

 

Фото: wallippo.com

Хабарламаларға жазылу