Надаль мен Тсонга арасындағы матчқа 100 мың теңгелік билеттер ғана қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Надаль мен Тсонга арасындағы матчқа 100 мың теңгелік билеттер ғана қалды

23.09.2014
Надаль мен Тсонга арасындағы матчқа 100 мың теңгелік билеттер ғана қалды

Испан теннисшісі Рафаэль Надаль мен франциялық Жо-Вильфрид Тсонга арасындағы кездесуге жанкүйерлер көп жиналмақ, деп хабарлайлды vesti.kz.

Әлемдік масштабта өтетін матчқа тек VIP-трибуналарға ғана билеттер қалған. Билет құны – 100 мың теңге. Ал, 2000-25000 теңге аралығындағы 2680 орын сатылып кеткен.

«VIP-трибуналарға ғана билеттер қалды. Бұл билеттер бойынша Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонганің ракеткалары ұтыс ретінде ойнатылады», - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, кездесу Астанада 25 қыркүйекте «Дәулет» теннис орталығында өтеді.
 

Фото: www.eurosport.ru

Хабарламаларға жазылу