Баян Нұрмышеваның жаңа бейнебаяны шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баян Нұрмышеваның жаңа бейнебаяны шығады

13.10.2014
Баян Нұрмышеваның жаңа бейнебаяны шығады

Жақында әнші Баян Нұрмышеваның жаңа бейнебаяны шығады. Осыған орай ол  «Таңшолпанда» қонақта болды.

Көпшілікке гитарамен танымал болған әнші соңғы кездері бишілермен бірге билеп, ән айтып жүр.   «Мұны әркім әрқалай қабылдауда. Бірі – бұрынғы гитарасымен жүргені жақсы еді десе, енді бірі – қолдап жатыр»,-дейді әнші.

Гитарадан басқа аспаптарда ойнай аласыз ба, деген сауалға әнші: «Кез келген қазақ домбыра шерте біледі деп ойлаймын. Менің ең алғаш қолыма ұстаған аспабым да – домбыра еді. Домбырада бір кісідей ойнай аламын. Бұдан өзге сазсырнай мен фортепианоны да меңгергенмін»,-дейді.

«Гитараға халық әндерін салып орындау біздің елімізде сирек. Сол жағынан қарағанда бағыт бөлек. Ал, менің өнерге жаңалық алып келдім бе, жоқ па – ол жағын халық айтар»,-дейді әнші.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу