MTV USA арнасынан тұңғыш рет қазақ тілінде бейнебаян көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

MTV USA арнасынан тұңғыш рет қазақ тілінде бейнебаян көрсетіледі

01.10.2020
MTV USA арнасынан тұңғыш рет қазақ тілінде бейнебаян көрсетіледі

MTV USA арнасынан әнші Димаш Құдайбергеннің қазақ тілінде шырқалған әнінің бейнебаяны көрсетіледі. Бұл туралы dimashnews.com сайты жазды. 

«Менің тыңдармандарыма, әлемнің әр түпкіріндегі менің өнерімді бағалайтын жанкүйерлеріме шын жүрегіммен алғыс айтамын. Олар менің бала арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес төрткүл дүниедегі Dear-ларымның қолдауына разымын. Құрметім мен алғысым шексіз», - дейді Димаш.

Бейнебаян жұма күні Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 17.00-20.00 аралығында экранға шығады (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі 3.00-6.00 аралығы). Сондай-ақ АҚШ-тан тыс тұратын жанкүйерлер MTV-дің YouTube ресми каналынан да тамашалай алады. 

Димаш Димаш Құдайберген бейнебаян MTV USA Нью-Йорк Dimash

Хабарламаларға жазылу