Бүгін елордада «Astana International Auto Salon-2015» автокөлік көрмесі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін елордада «Astana International Auto Salon-2015» автокөлік көрмесі ашылады

09.10.2015
Бүгін елордада «Astana International Auto Salon-2015» автокөлік көрмесі ашылады

9-11 қазанда Астана қаласында «Astana International Auto Salon-2015» (AIAS-2015)  IІI Халықаралық автокөлік көрмесі өтеді. Көрмені ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің және Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығының қолдауымен «ExpoGroup» халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырады.

Көрмеде «Peugeot», «JAC», «SsangYong», «RENAULT», «IVECO», «Hyundai», «Dena», «БАРС», «Scout» компанияларының өнімдері мен отандық автокөліктер назарға ұсынылады.

Айта кетейік, алматылық кәсіпкер Тайыр Балбаев өзінің қалада жүруге қолайлы жаңа электромобиль көлігін көрмеге қоймақ.

Хабарламаларға жазылу