Ерейментау – Сарыарқаның солтүстігіндегі таулы-орманды алқап. Ақмола және Қарағанды облыстарының жерінде орналасқан. Таулы алқап оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырымға созылып жатыр. Енді жері 30 шақырымға дейін жетеді.
Тау Өлеңті және Шідерті өзендерінің суайрығы. Жарық, Қарасу, Олжабай, Тұрғынбай өзендерінің салалары тау беткейлерінен басталады. Тауаралық аңғарларында шипалық ем болатын тұзды және тұщы (Тайбай) көлдер мен бұлақтар көп кездеседі.
Шығыс беткейлері тіктеу жартасты келген, аз тілімденген, кейбір жерлерінде қорымтастар кездеседі.
Ерейментау жерінің ерекшеліктерін бүгін 15.55-те «Мәлім де беймәлім Қазақстан» хабарынан көре аласыздар.