25 қазан Павлодар қаласында өтетін «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде Түркия елінің намыcын қорғайтын палуанның есімі – Мұрат Гемалмаз, деп хабарлады «Қазақстан Барысы» әлеуметтік парақшасы.
Мұрат Гемалмаз 1983 жылы туған.
Бойы – 183 см.
Салмағы – 138 келі.
Қызметі: Анкара қаласындағы «EGO» спорт клубында жасөспірімдер бөлімінің дзюдодан жаттықтырушы.
Спорттағы жетістіктері:
Кураштан Еуропа чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері ( 2003 ж. Стамбул және 2005 ж. Афины);
Дзюдодан командалық Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (Париж, 2004 ж.);
Дзюдодан Халықаралық Босфор турнирінің қола жүлдегері (Стамбул, 2004 ж.);
Дзюдодан Түркия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, жүлдегері
(1-ші орын (2004-2005 ж.), 2-ші орын (2008 ж.), 3-ші орын (2003, 2006, 2012 ж.ж,);
2013 жылы Минск қаласында өткен Қазақ күресінен 4-ші Әлем чемпионатына қатысушы.