Павлодар облысында балықшылар сынға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында балықшылар сынға түсті

11.01.2015
Павлодар облысында балықшылар сынға түсті

Ақсу қаласына қарасты Қызылжар ауылдық аймағында қысқы балық аулаудан жарыс өтті. Ертіс өзені бойына жиналған ауыл тұрғындары жарысқы белсене қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Шыдамдылық пен ептіліктері сыналған балықшылардың ішінен Ерболат Темешев топтан озып шықты. Екінші орынға Канат Кенжебаев орнықса, үшінші орынды Болат Касымов алды. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Аталмыш шараға демеуші болған – жергілікті кәсіпкерлер Жанат Мұқатов, Ержан Дисупов және Ерболат Қази.

Хабарламаларға жазылу