Бүгінде көпқабатты тұрғын үйлерде ит асырайтындар жетерлік. Ит асырауға әркімнің құқығы бар. Бірақ, қаланың үйлерінде астыңғы қабаттағы пәтердің суы сарылдаса, тіпті іргедегі көршің айқайламақ тұрмақ, қатты түшкірсе де естіледі емес пе?
Ал, иттің арсылдап үргені немесе қыңсылағаны қалай әсер етеді? Сондай-ақ, қаладағы саябақтардан бүгінде баласын ертіп қыдыратын жас отбасылардан гөрі, итімен қыдырып жүрген адамдарды жиі кездестіруге болады.
Медицина мамандары «Иттің көптеген ауруының клиникалық белгілері болмайды. Ол жасырын түрде жүреді»,-дегенді айтады.
Қалада ит асырау қаншалықты дұрыс? Бүгін «Айтуға оңай...» бағдарламасынан көріңіз.