Суретші Тілеужан Батанов «Таңшолпан» студиясында шеберлік сағатын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суретші Тілеужан Батанов «Таңшолпан» студиясында шеберлік сағатын өткізді

08.10.2014
Суретші Тілеужан Батанов «Таңшолпан» студиясында шеберлік сағатын өткізді

Суретші, ҚР Мәдениет қайраткері  Тілеужан Батанов «Таңшолпанға» келіп, сурет салу өнерінен шеберлік сағатын өткізді.

«Қазір жастардың суретке қызығушылығы жоғары. Сурет өнері, дизайн, сәулет өнеріне  деген сұраныс бар. Жастар қазір осы салаға бет бұруда»,-дейді суретші.

«Суретті көбіне көктем мезгілінде салғанды ұнатамын. Бірақ, жылдың қай мезгілі болса да, өзінің ерекшелігі бар. Күз мезгілі жылы бояу көп шығады. Солардың үйлесімділігін табу – өнер».

Әдетте, суретті шеберханада салатын суретшінің «Таңшолпан» студиясындағы ерекше сурет салу техникасын  тамашалаңыз.

Хабарламаларға жазылу