Дубайлық дәрігерлер шеберлік сағатын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубайлық дәрігерлер шеберлік сағатын өткізді

18.07.2014
Дубайлық дәрігерлер шеберлік сағатын өткізді

Сал ауруына шалдыққан қазақстандық балаларды емдеу үшін Біріккен Араб Әмірліктерінің дәрігерлері атсалысып жатыр. Шетелдік дәрігерлерді Астанадағы №2 балалар ауруханасы  «Қасиетті жол» қайырымдылық қорымен бірігіп  шақыртқан. Бұл мекемеде балаларды оңалту орталығы қыста ашылған болатын. Сол уақыттан бері дәрігерлер 100-ден аса кемтар балғынға көмектескен. Дәл қазір орталықта 1-ден 14 жасқа дейінгі 25 бала ем алып жатыр. Дубайдан келген мамандар кембағал балалардың толық жазылып кетпесе де, хәлін жақсартуға болатынын айтады.  «Ол үшін күнделікті жаттығуды 3-4 сағатқа созу керек»,-дейді олар. Және ең бастысы - бар ынта-жігеріңмен көңіл бөлу керек. 

Сукина Мансор Альшайик Осман, физотерапевт (Дубай):

Біріккен Араб Әмірліктерінде сал ауруына шалдыққан балалардың 70 пайызының денсаулығы оңалады. Біздің ерекшелігіміз, дәрігерлер бір баланың емімен толық өзі ғана айналысады. Сол баланы сауықтыру үшін барын салады. Көп уақытымызды кемтар баламен өткіземіз. Оң нәтижеге солай қол жеткіземіз.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу