Қызылорда облысында 15-16 қазанда «Ел қорғаған ер Жәкем» атты республикалық ақындар мүшәйрасы өтеді. Бұл туралы adebiportal.kz. сайты хабарлайды.
Мүшәйраның ұйымдастырушылары - Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.
Жыр додасын өткізудегі басты мақсат - қазақтың тәуелсіздігі жолында күрескен батыр, ХІХ ғасырдың қаһарманы Жанқожа Нұрмұхаммедұлының ерлігін өлеңмен өру. Биыл батырдың туғанына - 240 жыл.
Мүшәйра жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталады.