«Түнгі студияда» - Мақпал Исабекова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Мақпал Исабекова

07.10.2014
«Түнгі студияда» - Мақпал Исабекова

Мақпал Исабекова – эстрада жұлдызы. Ол алғаш рет «SuperStar KZ» байқауында көпшілікке танылды. Байқау барысында  Мақпал үздік 12 қатысушының қатарынан табылды.

Алайда, конкурстың 7-ші кезеңінде шығып қалды. Осыдан кейін музыкалық продюсері Ерік Тастамбековтің көмегімен жас әнші музыкамен айналысуға шындап кіріседі. 2005 жылы Латвияның Юрмала қаласында жыл сайын өткізілетін «Жаңа толқын» байқауына қатысқан Мақпал көрші мемлекеттерге де таныла бастады.

Өнер жолын осылайша бастаған әнші бұдан кейін де талай жетістікке жетті. Әнші жақында «Қамау» атты отандық экшн-фильмде басты рөлді сомдаған. Жұлдыздың шығармашылығында нендей жаңалық бар? Мақпал Исабекова әзілді көтере ме? Бүгін 23.30-да «Түнгі студияны» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу