Ұлттық арна қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен дайындаған жаңажылдық бейнеклипін ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен дайындаған жаңажылдық бейнеклипін ұсынады

24.12.2015
Ұлттық арна қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен дайындаған жаңажылдық бейнеклипін ұсынады

Танымал қазақстандық жұлдыздар Әлішер Кәрімов, Әли Оқапов, Мақпал Исабекова, Жанар Дұғалова мен «Асыл» тобы әншілерінің орындауындағы жаңажылдық әрлі де әсерлі әсем ән  барлық тыңдармандар мен көрермендерге мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. 

Жұлдыздардың орындауындағы «Кел, Жаңа жыл!» әні кезінде әсем әндерімен бүкіл әлемді тебіренткен әйгілі «ABBA» тобының  «Happy New Year» әнімен ерекше үйлесімін тапқан.

Клип түрлі көріністер арқылы түсірілген. Олардың бірінде түрлі-түсті жарықтармен безендірілген елорда көшелерінің түнгі айшықтары берілсе, тағы бір көріністе қазіргі заман талаптарына сай салынған  «Қазмедиа Орталығы» нысанаға алынған. Осының барлығы жинақтала келе, мерекенің көркін келтіріп, жаңажылдық ғажайыптар әлеміне сапар шеккізеді.

Бұл клип барлық қазақстандықтар үшін Жаңа жыл мерекесінің алдында керемет сыйлық болары сөзсіз.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзінің тұрақты көрермендеріне қашанда қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға бейіл.

Хабарламаларға жазылу