«Түнгі студияда» - Төлеген Мұхамеджанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Төлеген Мұхамеджанов

22.04.2015
«Түнгі студияда» - Төлеген Мұхамеджанов

Төлеген Мұхамеджанов – симфония, опера, камералық шығарма, сан алуан киноларға,  театралдық қойылымдарға жазған  әндері, романстары, танымал аспапты музыкалары бар  сазгер. Ақындықтан да кенде емес Төлеген Мұхамеджанұлы бірнеше жыр жинақтарының авторы.

Сазгердің шығармаларын орындаған, әлі орындап жүрген әншілер қатарында есімі елге танымал тұлғалар да бар.  Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Бибігүл  Төлегенова, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова, Бауыржан Исаев, Меруерт Түсіпбаева,  Батырхан Шөкенов,  Мансур Ташматов,  Ирина Понаровская,  Ирина Отиева, Стас Пьеха, Леонид Серебрянников және «Дос-Мұқасан», «Ақынай», «На-На»  топтары солардың қатарында.  

Музыканы 12 жасынан жаза бастаған Төлеген Мұхамеджанов бүгін 23:45-те «Түнгі студияда» қонақта.  

Хабарламаларға жазылу