Мамандар тәжірибесімен бөліспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамандар тәжірибесімен бөліспек

07.10.2014
Мамандар тәжірибесімен бөліспек

Алматыдағы А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың мамандары Жамбыл облысына бағыт алды. Олар жергілікті мамандармен хирургия саласындағы озық тәжірибелерімен бөліспек, деп хабарлайды Қазақпарат.

Шара «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілмек.

Орталық қызметкерлері ОҚО, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарындағы медициналық мекемелерге барып, тәжірибелерін ортаға салады. Мамандар тек хирургиялық саладағы жаңалықтарымен, инновациялық технологияларымен ғана бөлісіп қоймай, жергілікті дәрігерлерді оқытуда.

Хирург, кардиолог, кардиохирург (трансплантолог) гепатобилиарлық хирург (трансплантолог), торакалды хирург, бүйрек алмастыру бөлімінің дәрігері, интервенциялық кардиолог, аритмолог сияқты жоғары білікті мамандардан тұратын команда Жамбыл облысының науқастарын 2 күн бойы тегін қарайтын болады.

Хабарламаларға жазылу