Жеңістің 70 жылдығы құрметіне өткізілетін парад үшін топтық ұшуларға дайындық басталды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңістің 70 жылдығы құрметіне өткізілетін парад үшін топтық ұшуларға дайындық басталды (ФОТО)

14.04.2015
Жеңістің 70 жылдығы құрметіне өткізілетін парад үшін топтық ұшуларға дайындық басталды (ФОТО)

Жиынға авиациялық техниканың 7 бірлігі қатысуда. Оның құрамына С-295, Ан-72, Ан-26 ұшақтары және ұшу-көтеру құрамының 33 әскери қызметшісі тартылған.

Бұл жиынның мақсаты – экипаждарды топ құрамында үйлесімді ұшуға дайындау. Олар Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадта сап түзеп ұшады.

Жиын ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы басқармасындағы тәжірибелі нұсқаушы ұшқыштардың жетекшілігімен өткізілуде. Нұсқаушы ұшқыштар жас буынмен өздерінің бай тәжірибесімен бөліспек.

Дайындық кезінде ұшулар бірнеше ұшақтан құралған топпен ең төмен биіктікте, парадтағы ұшуларға барынша ұқсас жағдайларда орындалып, онда ұшқыштар шеберліктерін қосымша пысықтай түсетіндіктерін атап өткен жөн.

 

Фото: mod.gov.kz

Хабарламаларға жазылу