«Табыс сыры». «НұрӘсем» цехының басшысы Венера Әбдіғалиқызы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Табыс сыры». «НұрӘсем» цехының басшысы Венера Әбдіғалиқызы

20.02.2016
«Табыс сыры». «НұрӘсем» цехының басшысы Венера Әбдіғалиқызы

Ол кәсібін 5-6 іс машинасымен-ақ бастап кеткен. Арман жолында талай қиындық кездессе де, мойымай алға ұмтылған «НұрӘсем» цехының басшысы Венера Әбдіғалиқызы бүгінде кәсібі өрге басқан кәсіпкер.

«Барлығын тастап кетсем қайтеді, деп ойлаған кездерім де болды. Тіпті, екі-үш жылдай ақша дегеннің не екенін білмедік»,-деп еске алады ол алғашқы қадамдарын.

«Бұл кәсіп маған материалдық қана емес, рухани байлық үшін де қажет»,-дейді  ұлттық киім тігетін цех басшысы.

Венера Әбдіғалиқызы бүгін 13:15-те «Табыс сыры» хабарында тәжірибесімен бөліспек.

Хабарламаларға жазылу