Адамның мінезі жасы ұлғайған сайын өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адамның мінезі жасы ұлғайған сайын өзгереді

06.10.2014
Адамның мінезі жасы ұлғайған сайын өзгереді

«Сүтпен біткен мінез - сүйекпен кетеді», деген қалыптасқан қағиданы ғалымдар жоққа шығарып отыр. Олардың зерттеуінше, адамның мінезі жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады.

Ғалымдар 20-80 жас аралығындағы 4 мың адамның арасында сауалнама жүргізген. Бұл шараны олар әр 2 жыл сайын жүргізіп отырған. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, ғалымдар жасы ұлғайған сайын адамның мінезі де, адалдық коэффициенті, шегінгіштігі, шынайылығы да өзгереді. Адамдар тәжірибе жинақтай жүріп, кейбір дүниеге деген көзқарасын өзгертеді.

Сарапшы мамандар, адам мінезінің үнемі өзгеріп отыратынын айтады. Әсіресе, бұл – көндігу, ашықтық, адалдық және шынайылық қасиеттерде жиі байқалады.  Бұған қоршаған орта әсер етеді. Яғни, адамның өмір жолында кездескен жандар, сондай-ақ, шешімін күткен  түрлі жағдай мен проблемалар.

Хабарламаларға жазылу