Астанада 2014 жылы 11 мыңға жуық отбасы шаңырақ көтерген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 2014 жылы 11 мыңға жуық отбасы шаңырақ көтерген

06.01.2015
Астанада 2014 жылы 11 мыңға жуық отбасы шаңырақ көтерген

Өткен жылы елордада 11 мыңға жуық жас отбасы шаңырақ көтерген. Некесін қиған қыздардың орташа жасы - 18-25, ерлердің жасы – 24-33. Елордалық Әділет департаментінің АХАТ бөлімінің хабарлауынша, Астанада өсімнің оң динамикасы байқалады.

2013 жылы 9924 жұп шаңырақ көтерсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 10996 құрады, деп хабарлайды vechastana.kz. Қазіргі кезде жастардың арасында некеге отыруға электронды түрде өтініш беру жағдайлары артып отыр. Бұл көрсеткіш 310-нан 993 дейін үш есеге ұлғайған.

Айта кетейік, аталған кезеңде Астанада  3372 жұп ажырасқан.

Хабарламаларға жазылу