Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

28.07.2014
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

«Бұл мейрам әлемнің барша мұсылмандары рухани тазаруға ұмтылатын Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Осы кезеңде қайырымды істер атқарып, біздің көмегіміз бен жанашырлығымызға зәру жандарға қамқорлық көрсетуге деген ізгі ниет пен ықылас арта түседі.

Ислам адамзат баласын татулыққа, тыныштық пен тұрақтылыққа үндейді. Осынау биік құндылықтар тек мұсылман қауымын ғана емес, бүкіл Қазақстан халқын да ұйыстыра түседі. Сондықтан, Ораза айт барлық отандастарымыздың бірлігін арттыратын мереке саналады.

Қазақстан қоғамы өзінің бай рухани мұрасын, өзара сыйластық пен келісімге негізделген іргесі берік қарым-қатынастарын орынды мақтан тұтады.

Барша қазақстандықтарды осы дәстүрлерді барынша нығайтып, жасампаз құндылықтарымызды әрдайым қастерлеуге шақырамын.

Қасиетті Ораза айт халқымызға рухани серпіліс, шаңырақтарыңызға бақ-береке әкелсін!», деді Мемлекет басшысы өз құттықтауында.

 

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу